• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Наурыз, 2017

Саяхатшы сапалы қызмет күтеді

280 рет
көрсетілді

Қазір көк байрақты елімізді әлемдік қоғамдастық мойындайды және құрметпен қарайды. Ал саяхат сүйер қауым, яғни туристер еліміз туралы қаншалықты хабардар, әрі келуге дайын? Туризм арзан да сапалы қызметті қажет ететінін ескерсек, бұл бағытта бәсеке қыза түскендігін көреміз.

Әрине, туризм саласы өздігінен дами беретін сала емес. Оған қомақты қаржы құю және технологиялық жетістіктерді ендіру керектігі түсінікті. Осы тұрғыдан келгенде, бұл мәселе мемлекет-жекеменшік әріп­­тестігі негізінде шешуді қажет етеді. Мы­салы, Оңтүстік Кореяда бірқатар тау ша­ң­­ғысы базалары мемлекет қаржысына са­лынып, жекеменшікке берілген. Олай бол­са, ко­реялықтардың бұл үлгісі Қазақстан жағ­дайына жарап жатыр. Өйткені, ел­і­міз­дегі көптеген туристік операторлардың табысы мардымсыз. Олардың өздігінен ин­вес­­тициялық жобаларды жүзеге асыруға қау­қарсыз болуы да сондықтан. Жазы аптап ыс­тық, ал қысы аязды келетін Қазақстан жағ­дайында туризмнен табыс табу оңай емес екені де белгілі. Қысқы азығын жазда жи­нап алатын туристік операторлар амалсыз өз қызметтерінің бағасын өсіруге мәж­бүр. Қыста қарлы боран жолдарды жауып, аяз бетті қаритынын ескерсек, кез келген адам осында келмес бұрын табиғаттың қо­лайлылығын зерттеп алатыны тағы рас. 

Солай десек те, бұл салада айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар. Соңғы жылдары көптеген қонақ үйлер мен мейрамханалар салынып, қызмет көрсету сапасы айтарлықтай арт­ты. Еліміздің екі басты қаласына – Астана­да ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сін, ал Алматыда қысқы Универсиада өткізу ту­ризм саласының дамуына өзіндік серпін бе­реді деп күтілуде.

Қазірдің өзінде бірқатар халықаралық туристік операторлар мен басылымдардың Орталық Азияны, соның ішінде Қазақстанды тартымды бағыттардың қатарына қосуы осындай игі істерді ескергендіктен деп айтуға негіз бар. Атап айтқанда, америкалық The New York Times газеті 2017 жылы баруға болатын әлемдегі 52 елдің тізімін жариялады. Соның ішінде Қазақстан 26-орында көрсетіледі. Бұл ретте, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атауының да өзіндік ықпалының болуы ғажап емес, оның үстіне ЮНЕСКО-ның Әлемдік құндылықтар тізіміне еліміздің бірқатар нысандары кіріп отырғаны да тартымды еткені түсінікті. Мұның алдында канадалық «G Adventures» туристік операторы Орталық Азия өңірін тартымды етіп көрсетіп, бірінші орынға шы­ғарған-ды.

Қалай болғанда да, еліміз туризм сала­сын дамыту бағытында бірқатар іс-ша­ра­ларды жүзеге асырып келеді. «Ата­ме­кен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы ба­с­қар­масы тө­­рағасының орынбасары Гүлнәр Құр­бан­баева сала туралы былай дейді: «Туризм – бұл, ең алдымен, еліміздің имиджі. Бірақ ар­­тық рәсімдер, шығындар аталған саланы да­мытуға кедергі. Бұл процесті жеделдету үшін қуатты бәсекелестік орта құру керек».

Сұраныс болған жерде, әрине, бәсе­ке­лес­тік те жүреді. Бірақ та, қызмет көрсету мә­дениетінің қалыптасуына да мемлекеттік қа­да­ғалау мен қолдау жетпей жатқандығын айта кеткен орынды. Әсіресе, жол бойы қызмет көрсету орындарының санитарлық талапқа сай еместігі талай айтылып та, жазылып та жүр. Еліміз аумағының кеңдігін қаперге ал­сақ, жол бойындағы қызмет көрсету орын­дарында су тапшылығы мен көгілдір оты­н­­-

ның, не болмаса электр қуатының жетпей жат­қандығы үнемі сезіледі. Туризм са­л­а­­­сының инфрақұрылымын толық жүзеге асыр­май, жоғары деңгейлі қызмет көрсету де мүмкін емес. 

Қорыта айтқанда, еліміздің туризм саласын дамыту үшін, ең алдымен, осы салаға деген көзқарасты түбірімен өзгерткен орынды дер едік. Шет елдерде қымбатқа түсетін қызылды-жасылды роуд-шоуларды қанша көрсетсең де, туристер арзан баға мен сапалы қызмет түрін таңдайтынын қаперден шығармаған жөн. Сондықтан да туристік бағыттарды тартымды етудің тетіктерін қарастырып, инфрақұрылымды жөнге келтірген абзал.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар