Түркияның шын бет-бейнесін шетелде бұрмалаушыларға қарсы түріктер жаңа ақпараттық кампания бастап кетті.
Түркия экспорттаушылар қауымдастығының бастамасымен құрылған «Түркия имиджі» кампаниясы 27 наурыздан басталып, жыл бойы жалғаспақ, деп жазады Haberler басылымы.
Экспорттық қауымдастық жетекшісі Мехмет Бүйікекшінің сөзіне қарағанда, кампанияның мақсаты халықаралық аренада елдің жақсы атын таныту.
«Біз қазіргі Түркияны әлемнің 7 еліндегі 500 млн адамға танытуды жоспарлап отырмыз", - дейді Бүйікекші.
Шара аясында үлкен компания жетекшілерінің қатысуымен жарнамалық роликтер түсіріліп, Германия, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Италия, БАӘ елдерінің телеарналарынан көрсетілмек.