2010 жылғы 28 қыркүйек №286-НҚ Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының «Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-НҚ, «Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 197-НҚ бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1 - тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4578 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінде» 2007 жылғы 15 маусымда № 90 (1293) нөмірінде жарияланған), «Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 197-НҚ (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4878 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінде» 2007 жылғы 7 қыркүйекте № 137 (1340) нөмірінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Н. АЛДАБЕРГЕНОВ.