• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология 28 Наурыз, 2017

Илон Маск адам ойындағысын компьютерге көшіретін технология жасайды

290 рет
көрсетілді

SpaceX және Tesla Motors компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Neuralink атты жаңа компания құрмақ.

Бұл компания адам жадысындағы мәліметтерді компьютерге көшіретін технология шығармақ, деп жазады The Wall Street Journal.

Басылымның мәліметінше, компания "нейронды шілтер" технологиясы арқылы электродтарды миға имплантациялайды. Осылайша, адамдар өз миларындағы мәліметті компьютерге көшіріп немесе компьютердегі мәліметті миына жүктеп ала алады.

Сонымен қатар, осы әдіс арқылы миға қатысты кей ауру түрлерін де емдеуге жол ашылмақ.

Neuralink компаниясы 2016 жылдың шілде айында тіркелді. Маскпен қатар бұл компанияның тең құқылы негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Макс Ходак та бар. Оның айтуынша, компания жұмысқа енді кірісіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар