• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Наурыз, 2017

​Әлемдегі табысы жоғары футболшылардың тізімі жарияланды

233 рет
көрсетілді

France Football басылымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі табысы жоғары футболшылардың тізімін жариялады.

Бұл тізімде Португалия ұлттық құрамасы мен «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду бірінші орынға ие болды. Оның жалақысын, бонустарын және жарнамадан түскен қаржысын ескерер болсақ, 87,5 млн еуро алған.

Екінші орынға әйгілі аргентиналық шабуылшы, «Барселона» клубының басты жұлдызы Лионель Месси тұрақтады. Ол өткен жылы 76,5 млн еуро қаржы тауыпты. Ал үздік үштікті Мессидің командаласы бразилиялық Неймар түйіндеді. Оның табысы 55,5 млн еуроны құрады.

Криштиану Роналду өткен жылы жалақысы жоғары Жозе Моуринью («Манчестер Юнайтед», 28 млн еуро), Марчелло Липпи (Қытай құрамасы, 23,5 млн еуро), Лоран Блан («Пари Сен Жермен», 20 млн еуро) және Карло Анчелотти («Бавария», 15,8 млн еуро) сынды бапкерлерді бірге алғаннан да көбірек ақша тапты.

Айта кетейік, Роналду 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде тоғыз голымен үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар