• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2017

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылды

400 рет
көрсетілді

​Қызылордада Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Алаш қайраткерлері мен Мұстафа Шоқайдың рухына арналып ас беріліп, құран оқылды.

Елі үшін қу жанынан безініп, бастарын бәйгеге тіккен қайраткер ұлдарды еске алуға арналған аста облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, академик Досмұхамбет Кішібеков, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, «Мұстафа Шоқай» қорының төрағасы Базарбай Атабаевтар сөз сөйледі. Сонымен қатар, Сырдың бас қаласында Алаштың және Түркі әлемінің ардақтысы Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын осынау елеулі оқиғамен құттықтады.  

- Мұстафа Шоқай – кез-келген ірі тарихи құбылыс секілді біржақты сипаттауға болмайтын, үйреншікті қалыпқа салуға келмейтін тұлға. Ол сол замандағы аса күрделі ғаламдық тарихи процесстің бел ортасында, эпицентрінде жүріп, Түркі әлемінің, өз ұлтының мүддесін қорғауға тырысты. Сондықтан Мұстафа Шоқай ақ пен қызылға немесе қоңырға жақ, я қарсы болды деген қарабайыр түсінікке сыймайды. Ол өзінің бүкіл ғұмырын, күллі қажыр-қайраты мен ақыл-ойын туған халқының, түбі бір тұтас түркі жұртының бірігіп өркендеуіне арнады,- деді Қырымбек Елеуұлы.

Сондай-ақ, салтанатты шарада ҚР ҰҒА академигі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық ғылыми зерттеу институтының профессоры Досмұхамбет Кішібеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы құттықтау сөз сөйледі. 

Ескерткішті Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев салған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 12 метрді құрайды.

Ержан БАЙТІЛЕС, "Егемен Қазақстан"

ҚЫЗЫЛОРДА

Соңғы жаңалықтар