• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2017

Қызылордада Алаш мұрасына арналған конференция өтті

260 рет
көрсетілді

​Қызылордада облыстық әкімідігі мен Халықаралық Түркі академиясы ұйымы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияға белгілі алаштанушы ғалымдар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жоғары және арнаулы оқу орындарынан келген оқытушы-профессорлар, студент-жастар қатысты.

Алаш мұрасына арналған жиынды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың алғы сөзімен ашты. Ғылыми-теориялық конференция барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов, Халықаралық Түркі академиясы ұйымының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бахтиярұлы, Гази университетінің қауымдастырылған профессоры (Түркия), тарих ғылымдарының докторы Гүлжанат Құрманғалиева, Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кахрамон Раджабов, Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Күлпаш Ілиясов баяндама жасады.

Конференция аясында алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар