Шотландия парламенті тәуелсіздік туралы қайта референдум өткізу туралы ұсынысты қабылдады, деп хабарлайды BBC.
Депутаттар 2018 жылдың күзі мен 2019 жылдың көктемі арасында мәселені қайта дауысқа салуға келісті.
Жаңа референдум өткізуді қолдап өңірлік парламенттің 69 депутаты дауыс берсе, 59-ы қарсы шықты.
Айта кетейік, Шотландия Британияның ЕО-дан шығуына қарсылық білдіруде.
Британияда ЕО-дан шығу туралы референдум кезінде Шотландияның 62 пайызы Брекситке қарсы болған еді.
Стерджен Британиядан тәуелсіздік алатыны туралы сұрау жіберуі үшін алдымен жергілікті парламенттің мақұлдауын алуы тиіс.
Өз кезегінде Британия үкіметі Шотландияның Брекситпен қабаттасып өз тәуелсіздіктеріне ұмтылуын мүлде қолдамайтынын және оған барлық жолды жауып тастайтынын мәлімдеген еді.
2014 жылдың қыркүйегінде мұндай референдум Шотландияда өткен. Ол кезде тәуелсіздік алуға ұмтылушылар жеңіліп қалған. Дауыс бергендердің 55,3 пайызы тәуелсіздікке қарсылық танытқан еді.