• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Наурыз, 2017

Лионель Месси төрт ойынға шеттетілді

90 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) Лионель Мессиді Аргентина құрамасының төрт ойынынан шеттеді. Мұндай шешімді тәртіп комитеті қабылдады, деп хабарлады федерацияның ресми сайты.

Аргентиналық шабуылшы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Чилиге (1:0) қарсы ойында төрешілердің бірін балағаттаған. Осы себепті Месси Аргентина құрамасының алдағы төрт ресми ойынына қатыса алмайды. Сонымен қатар, ФИФА оны 9350 еуро айыппұл төлеуге міндеттеді.

Жаза 28 наурыздан бастап енгізілгендіктен Месси кеше Боливия құрамасына қарсы ойынға қатыса алмады. Ал Боливиямен күш сынасқан Аргентина 0:2 есебімен есе жіберді.

Осыған дейін ФИФА істің анығын білуі үшін Аргентина-Чили ойынының төрешілерінен сұратқан. Бірақ олар Мессидің ешқандай балағат сөз айтпағанын мәлімдеді.  

Өз кезегінде Аргентина футбол федерациясы апелляцияға бермек. «Боливияға қарсы ойынға бірнеше сағат уақыт қалғанда мұндай шешім шығарылғаны бізді таңғалдырып отыр. Біз бұл істі апелляцияға береміз», – деді құраманың хатшысы Хорхе Мьядоски.

Соңғы жаңалықтар