«Uzbek Tigers» командасы Дүниежүзілік бокс сериясының VII маусымында «Astana Arlans» ұжымына қарсы шығатын құрамы белгілі болды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Қос команданың арасындағы кездесу 1 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ұйымдастырылады. Ал 31 наурызда салмақ өлшеу рәсімі өтеді.
49 кг: Хасанбой Дусматов; 56 кг: Абдулхай Шарахматов; 64 кг: Ельнур Абдурайымов; 75 кг: Исроил Мадримов; 91 кг: Зухриддин Махкамов.
Осы кештен кейін Хасанбой Дусматов, Ельнур Абдурайымов, Исроил Мадримов Тайландта «Патша Кубогы-2017» халықаралық бокс турниріне қатысады. Жарыс 3-9 сәуір аралығында өтеді.