• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Наурыз, 2017

Қазақстандықтар мобильді байланысқа ақша жұмсауды азайтты

145 рет
көрсетілді

2017 жылы қазақстандықтар мобильді байланысқа ақша жұмсауды азайтып, оның орнына мобильді интернетке көбірек шығындала бастады, делінген 4Service Group зерттеуінде.

Халықаралық 4Service Group зерттеу компаниясының мәліметінше, 2017 жылы Қазақстанда мобильді байланысқа 1000-2000 теңге жұмсайтындардың саны 12 пайызға артқан. Ал айына 2000-3000 теңге жұмсайтындар саны 2 пайызға көбейген. Ал 5000 теңгеден артық жұмсаушылар саны 1 пайызға артқан.

Мобильді интернет қолданушылар саны айтарлықтай өсті. Мәселен, өткен жылы әр бесінші адам мобильді интернетті тұтынбайтын болса, биыл елдегі әр алтыншы адам телефоннан интернетке кірмейтін болып шықты.

Сонымен қатар тұтынылатын трафиктің көлемі де көбейген. Айына 6Гб интернет тұтынатындар саны жалпы тұтынушылардың 33 пайызы болса, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Ал айына 1 Гбт-тан аз интернет пайдаланатындар саны 12 пайызға азайған. Мобильді интернетті ең көп пайдаланатындар (айына 6 Гбт-тан артық жұмсайтындар) Altel мен Tele2 операторларына тиесілі. Олардың үлесі тиісінше 50% және 46%.

Соңғы жаңалықтар