• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №100

334 рет
көрсетілді

2011 жылығы 25 ақпан, Астана қаласы «Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі №349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6366 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 25 тамыздадғы № 344-347 (26190) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану ережесінде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Міндеттемеге Қазақстан Республикасының кеден органдары беретін Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытынды қоса беріледі. Бұл ретте, егер келісімшартта мұндай тауарды бірнеше рет жеткізу көзделсе, онда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша беріледі, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі беріледі.»; 9-тармағында «тауарлар әкелу кезінде» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Министр  Б.ЖӘМІШЕВ. 2011 жылғы 25 ақпандағы №100 ««Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі №349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығына қосымша Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану ережесіне қосымша нысан Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме 1-бөлім. Жалпы ақпарат Алушы/импорттаушы_____________________ _______________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), егер ол болған жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы №      «_____»__________20___ж. берілген _______________________________________ салық органының атауы) _______________________________________ 2- бөлім. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының сомасын жүк кеден декларациясына сәйкес есепке алу әдісімен бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын ______________________________________ салық кезеңі) (______________________________________________________________________) теңге, (сомасы жазбаша) №_______________________________«____»________20______ж. көрсетуге міндеттенемін. 3-бөлім. Есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану бойынша қосылған құн салығын төлеу Тауарлар ретінде мыналар әкелінді: ________ _______________________________________ (тауарлардың атауы, ТН ВЭД (сыртқы эконо­микалық қызметтің бірыңғай тауарлық номен­клатурасының коды) Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының коды бойынша қорытынды _______________________________________ Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының кодының жіктемесін растайтын 20___жылғы «____»_____№___ _____________________________ құжат. Осыған орай көрсетілген тауарларды, яғни қаржы лизингі мен реэкспорт режимінде тауарды қайтаруға беруді қоспағанда, яғни олардың мақсатты бағытына сәйкес өзіндік өндірістік мұқтаждықтар үшін пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы мен өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін. _________________________ /_________/ (Салық төлеушінің аты-жөні) (қолы) Міндеттемені тапсыру күні 20___жылғы «____»_____№___. _______________________ /_________/ (Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні) (қолы) Міндеттемені қабылдау күні 20___жылғы «____»_____№___. Салық қызметі органының М.О. Ескертпе. Міндеттеме «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген импортталатын тауарлар мен құжаттар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір уақытта екі данада салық қызметі органына табыс етіледі. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БСН/ЖСН 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6832 болып енгізілді.