• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Сәуір, 2017

Ынтымақтастық жайы талқыланды

160 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) осы айда Бішкекте болатын отырысына дайындық аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) бейнеконференция режімінде өткен отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеңес мүшелері ЕурАзЭК-тің Кеден кодексін тиімді жүзеге асыру мақсатында ЖЕЭК отырысында қарастыру үшін кедендік әкімшілендіру саласында бірқатар актілерді бекіту бойынша Комиссия алқасы мен кеңесі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты ЕЭК жұмысының регламентіне түзетулер енгізуді мақұлдады.

Мемлекет басшыларының қарау­ына енгізу үшін Еура­зия­­лық экономикалық кеңеске мү­ше мем­лекеттердің 2017-2018 жыл­дарға арналған макроэко­но­­ми­калық саясатының негізгі бағдар­лары мақұлданды. Онда Еур­АзЭК-ке мүше мемле­кет­тер­дің эко­но­ми­калық дамуының  тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар енгізілген.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері бір­қатар халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Негізінен, Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға бағытталған консультациялар өткізіліп, «Кеден одағы комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қарастырды.

ЕЭК отырысында Еуразиялық экономикалық одақты әрі қарай дамытуға бағытталған барлық мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар