Қазақстандық дипломат Елбасы ұсынған конституциялық реформалар мемлекеттің сауда-экономикалық әлеуетін нығайтуға және елдің экономикалық дамуының болашағы мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға айтарлықтай серпін бере алатынын баса айтты.
Сондай-ақ, шара барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолда-
уына айрықша көңіл бөлінді. Елшінің айтуы бо-
йынша, жаһандық экономикалық бәсекелестіктің артуы жағдайында, Елбасы Н.Назарбаев ұсынған Үшінші жаңғыру атты экономикалық өсу моделі экономиканың жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, әлемдегі 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, брифинг шеңберінде Ү.Сүлеймен сингапурлық іскер топтарды Ляньюнган пор-
тындағы Қазақстан және Қытай терминалының мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды.