• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Сәуір, 2017

Ерте келген аққулар

253 рет
көрсетілді

Теріскейде көктемнің жай­ма-шуақ лебі сезілгенімен, суық ызғар әлі қайтар емес. Көл­дердегі мұз көбесі «мұр­ты» бұзылмаған күйі жатыр.

 Табиғаттың осындай өлі­ара шағында жыл құста­рының Қы­зылжар өңіріне ұшып келуі жұрт­шылық үшін таңғаларлық құ­бы­лыс болды. Ерте жеткен құстардың легін құс төресі – аққулар бастап келіп, облыс орталығы іргесіндегі көл­ге қонды. Бұл тоғанға №2 Петропавл жылу-электр стан­сасынан аққан жылы су үздіксіз құйылатындықтан, қат­пайды. Қаз-үйректер мен тыр­налардың жылы канал жақты паналау себебі сон­дықтан.

– Табиғаттың жылынар мезгілі «тақ­қа» мінетін шақ. Бірақ синоптиктер жора­мал­даған «ерте көктем» әлі ке­шеуілдеп жатыр. Әйтпесе, құс­тар ұя салып, балапан өр­бітетін ме­ке­ніне уақытында келуден қа­телескен жоқ. Қазір таби­ғат­­тың «мінезін» түсіну қиын бо­лып барады. Оны адамдар тү­гіл құстар да айыра ал­май жа­тады. Тамақ тауып жеу жа­ғы ғана қиындық кел­тір­ме­се, тоңа қой­масы анық, дейді жер­­гілікті орнитологтар.

Күннің салқындығы әсер етті ме, әлде ұзақ сапар қал­жыратты ма, құстар көбіне жылы тоған мен канал ма­ңайында ғана ұшып-қонып жүр. Адам­дардан аулақ болу­ға ты­рысады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар