• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2017

Қостанайда «Менің атамның портреті» акциясы басталды

174 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы биыл бесінші рет «Менің атамның портреті» акциясын өткізіп отыр. Оның мақсаты 9 мамыр--Жеңіс күніне дайындық десе де болады.

Партия филиалының ресейлік «Мәңгілік полк» жобасының баламасы секілді бұл акциясында Жеңіс мерекесіне бір ай қалғанда жұртшылыққа хабарландыру беріп, Ұлы Отан соғысына қатысқан, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жерлестердің суреттерін жинайды. 

«Майдангерлердің немере, шөберелері аталарының портреттерін әкеліп, партия филиалына тапсырады. Біз олардың көшірмесін алып, үлкейтіп, оған аты-жөнін, туған, қаза тапқан жылдарын жазып, портрет жасатамыз. Осыған кететін қаржының барлығын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өзіне алады» деді филиалдың саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Олжас Дүйсеков.

Қостанайлықтар бұл акцияны қайырымдылығы бар, қасиетті іс деп біліп, белсене қатысады. Тіпті қазір партия филиалының волонтерлері және әлеуметтік қызметкерлер жүре алмай, үйде отырып қалған соғыс ардагерлерінің де портреттерін жасатып, мереке күні қала көшелерінен сап түзеп жүріп өтетін шеруге алып шығатын болады.

Олжас Дүйсековтың айтуынша, қазірге дейін партия филиалы бір мыңға жуық қостанайлық майдангерлер портетін жасатыпты.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар