EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысында Астана қаласындағы жол жөндеу жұмыстарына 5,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы «Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы Асхат Қарағойшин айтты.
«Астана қаласындағы жол жөндеу жұмыстарына алғашқы жартыжылдыққа 5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат зақым келген асфальттың үстіңгі жабынын ауыстыруға, шұңқырларды жөндеу секілді ағымдағы жұмыстарды жүргізуге жұмсалады. Бұл алғашқы жартыжылдықта жасалатын жұмыстар. Екінші жартыжылдықтан бастап жыл соңына дейін тағы 50 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған», - деп мәлімдеді басқарма басшысы.