Мақалада еліміздегі аң-құстардың қорғалуына қатысты мәселелер қозғалған болатын.
«Егемен Қазақстан» газетінің кешегі шығарылымында жарық көрген «Жортқан аң, ұшқан құстың киесі бар» атты мақала (авторы - басылым шолушысы Жылқыбай Жағыпарұлы) түйкілді мәселені дөп басқандай.
Мазмұнды мақала ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның да назарын аударса керек, өзінің Twitter әлеуметтік желі парақшасына аталған мақаланың сайттағы сілтемесін жариялай отырып: «Өте өзекті мәселе, зер салуымыз керек», деп жазды.
Мақала еліміздегі аң-құстардың қорғалуындағы сақталып отырған бірқатар мәселелерді кеңінен баяндап берген-ді.