• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Сәуір, 2017

ЭКСПО-2017 көрмесі кезіндегі қауіпсіздік мәселелері тексерілді

233 рет
көрсетілді

Жалпы қоғамдық тәртіп күзетіне 9 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерлері жұмылдырылады

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ЭКСПО-2017-ге дайындық кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында қоғамдық тәртіп күзеті мен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел басқару үшін бірқатар шаралар кешені қабылданып, арнайы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары ішінен жедел штаб пен жұмыс тобы құрылды. Осы орайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органдардың басшылары жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. 

Жалпы қоғамдық тәртіп күзетіне 9 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерлері жұмылдырылады және көрме кешеніне кіреберістер металл детекторларымен, рентген-телевизия қондырғыларымен жабдықталған. Осы жерде бейнесараптау, тұлғаны анықтау және келушілерді тіркеу жүйесі қолданылады. 

Сонымен қатар, көрме нысандарында бақылау жүргізіп, жедел әрекет ету мақсатында 2 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған, ол Астана қаласы ІІД-нің Жедел басқару орталығына шығарылған.

ЭКСПО-2017 аумағында полиция бөлімшесі мен көрмеге жақын маңда өрт сөндіру бөлімшесі ашылды. Көрменің ашылуынан бір ай бұрын қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы жұмысын бастайды.

Соңғы жаңалықтар