• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2017

Ұйым өкілімен кездесті

192 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ЕҚЫҰ бағдарламасының Астана қаласындағы офисінің басшысы Дьерд Сабомен оның өтініші бойынша кездесті, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Ортсайлауком төрағасы кездесуге қатысушыларды Ор­талық сайлау комиссиясында және елдің сайлау органдарында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары – сай­лау заңнамасын одан әрі жетіл­діру және осы жылы өте­тін Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенаты  депутат­тары­­ның алдағы кезекті сайлауына дайындық.

ЕҚЫҰ бағдарламасының Астана қаласындағы офисінің бас­шысы өз кезегінде төрағаға кез­­десуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, одан әрі же­міс­ті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Кездесуде, сондай-ақ, Орт­сай­лауком мүшелерінің 2017 жылғы мамырда Варшавадағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ штаб-пәтеріне ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын орындау мәртебесіне қатысты баруын ұйымдастыру, қазанда халық­аралық конференция өт­кізу және қарашада халық­ара­лық байқаушыларға арналған жыл сайынғы семинар-тренинг ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу ба­ры­сында Орталық сайлау ко­миссиясы мен ЕҚЫҰ-ның сайлау заңнамаларын дамыту мен жетілдіру, Қазақстан Республикасында сайлау процесін демократияландыру саласындағы ынтымақтастық бағыттарын одан әрі ілгерілету жайы талқыланды. Кездесу соңында тараптар дәстүрлі серіктестік пен ынтымақтастық қарым-қатынастар келешекте де өзінің жалғасын табатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар