• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2017

Күн тәртібінде – ауыл шаруашылығы мәселелері

154 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қыз­меті­нің баспасөз алаңында «Елба­сының Қазақстан халқына Жол­дауы аясында көктемгі дала жұмыс­тарын қаржыландыру және ауыл ша­руашылығын дамыту» тақырыбында баспасөз мәслихаты болып өтті.

Баспасөз конференциясына «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұха­медиева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлова және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаев қатысты. 

«Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген жоспарға сәйкес, 567 мың гектар алаңдағы басым дақылдар қаржы­лан­дырылуы тиіс. Келіп түскен өтінімдерге сәйкес, ауылшаруашылық тауар өндіру­ші­лерінің рапс, зығыр, арпа және күріш егуге қызығушылықтары артып отырға­ны байқалады. Сонымен бірге, тауар өндіру­шілердің 3 басым дақылға деген белсен­ділігі төмен болуын атап өту қажет, бұл қант қызылшасы, мақта және астық жү­герісі. Аталған бағыттарды қаржылан­дыру жұмыстары қойылған жоспарға жеткенге дейін жалғасады», деді «ҚазАгро» ұлт­тық басқарушы холдингі» АҚ басқар­ма төра­ғасының орынбасары Айгүл Мұха­медиева.

Ағымдағы жылы бюджеттен бөлінген ақша қаражаты тікелей Аграрлық несие корпорациясына беріледі. Қаржыландыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар екінші деңгейлі банктерді қорландыру арқылы қарыз алушылар үшін соңғы па­йыздық мөлшерлеме жылдық 5 пайызды құрайды, несие серіктестіктерін, аймақтық инвестициялық орталықтарды, шағын қаржы ұйымдарын қорландыру арқылы  ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін соңғы мөлшерлеме – жылдық 6 па­йызды, корпорацияның жылдық 2 пайызбен екінші деңгейлі банктің кепілдігімен тікелей несиелеуі, ол ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін банктің кепілдік құнын есепке алғанда, шамамен жылдық 6 пайызды құрайды.

Сондай-ақ,  ауылшаруашылық коопе­ра­тивтерін екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бағдарламасы жалғасады. Егер 2015 жылы қаржыландыру екі кооперативтен басталса, 2016 жылы 10 кооператив қаржыландырылған болатын, ал биылғы жылы 12 кооператив қаржыландыруға өтініш беріп отырған көрінеді.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар