2016 жылдың күзінен бері қазақстандық нарықта SAUMAL® сауда маркасымен функционалды тамақ өнімі – құрғақ бие сүті пайда болды. «ЕуразияИнвест» компаниясы екі жылдан бері Қазақстан нарығында жаңа өнімді сәтті түрде саудаға шығарып отыр. SAUMAL® – бірегей, 100 пайыз табиғи, диеталық және сауықтырушы өнім. Ол – сублимация процесінен өткен, бірақ пайдалы қасиеттерін сақтап қалған жаңа сауылған бие сүті. SAUMAL® құрғақ бие сүті функционалды тамақ өнімі ретінде дәрі немесе биологиялық белсенді қоспа болып саналмайды. Оны ұзақ уақыт бойы ішуге болады, ешқандай жанама кері әсері жоқ, ағзаға зиянын тигізбейді.
Функционалды тамақ өнімдерін қарапайым тамақтан ерекшелейтін басты дүние – олардың денсаулықты жақсартуға, аурулардың алдын алуға, кейде, тіпті жазылып кетуге себепші болуы. Консерванттар және басқа қоспалар қосылмаған толықтай табиғи өнім бола тұра SAUMAL® жоғары биологиялық белсенділікке ие, бұл оның функционалды тамаққа жататынын дәлелдейді. Құрғақ бие сүтіне амин қышқылдары, майлар, ферменттер, микроэлементтер және дәрумендер секілді адам ағзасына қажет, дұрыс көлемдегі 40-тай биологиялық компонент кіреді.
Бауыр ауруларының алдын алу және емдеуден кейінгі кезеңдерде SAUMAL® өнімінің оң ықпал ететіні расталып отыр. Бактерияға, қабынуға қарсы күресте, иммунитеттің қалыптасып, күшеюіне көмектеседі. Бие сүтін тұтынушылардың көптеген пікірі оның асқазан-ішек жолдарын емдеуде тиімді екенін дәлелдейді. Өнімдегі антиоксиданттар жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу ықтималдылығын төмендетеді. «Қажет көлемдегі дәрумен-минералды құрамы ағзаға қаңқаның қатаюына көмектеседі, ал көмірсулар рационның энергиялық сыйымдылығын арттырады, бұл денеге күш түскенде, сондай-ақ енді өсіп-жетіліп келе жатқан балалар ағзасы үшін оң әсерін береді», дейді «Евразия Инвест Ltd» директорының орынбасары Ғалымжан Мейрамбеков.
Айтпақшы, «Еуразия Инвест ltd» – 2015 жылы жүзеге асқан ірі көлемдегі құрғақ бие сүтін өндіру бойынша Қазақстандағы бірегей жобаның жалғыз басқарушы компаниясы. Жоба бойынша компания активінде жыл бойы жеке жем-шөп қорын жинауға мүмкіндік беретін 25 000 гектар жайылым жері бар. 1500-ден астам бие тәулігіне 4 000 литрге дейін сүт алып, өңдеуге, осылайша жылына 40 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүтін өндіруге мүмкіндік береді. Неміс технологиясын енгізу өндіріс көлемі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ шығарылатын өнім сапасының жоғары деңгейін бақылап отыруға жол ашқан.
Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»