• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2017

Ашық қоғамның айшықты қағидаты

292 рет
көрсетілді

Сейсенбіде Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігімен комитет отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заң мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 1, 15, 28, 29-қадамдарын жүзеге асыру және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң талаптарының орындалу барысы талқыланды. Комитет отырысына Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко қатысты.

М.Әшімбаев өзінің сөзінде көрсетілетін мемлекеттік қыз­мет­­терді ұсыну  мен экономи­калық және әлеуметтік бағдар­ла­ма­ларды сапалы іске асыру үшін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ұсынған Бес институттық рефор­маның кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытының маңыздылығына ерекше тоқ­тал­ды. 

«Бүгінгі таңда Елбасы жа­рия­лаған Бес институттық  рефор­маның ішіндегі маңызды бағыт­тың бірі мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты болатын. Әсі­ресе, кәсіби мемлекеттік аппа­ратты қалыптастыру мен дам­ытуға басымдық берілген. Соңғы екі жыл ішінде саланы жетіл­діруге арналған заңдарға өзге­рістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ал енді біздің осы басқосуымыздың басты мақ­саты – салаға қатысты заң талап­тарының орындалу барысын егжей-тегжейлі талқылау. Негі­зінен, бұл жерде қандай мәселе бар, нендей шаруалар жүзе­ге асырылуда деген секілді сауал­дарға жауап іздеп, тар шең­берде ғана қалып қоймай, тақырыпты тереңірек зерттеп, таразылағымыз келеді. Себебі, мемлекеттік құрылымдардағы ашықтықты қамтамасыз ету арқылы біз кәсіби мемлекеттік аппарат құратын боламыз. Міне, қоғамға осы мәселелерді шынайы, ашық ұғындыруымыз қажет», деді М.Әшімбаев.

Содан кейін Мемлекеттік қыз­мет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төр­ағасының орынбасары Айгүл Шайымова «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған кәсіби мемлекеттік аппаратты қа­лыптастыру жөніндегі тапсырманы іске асыру барысы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Оның келтірген деректеріне сүйенсек, бүгінде жаңа қабылданған «Мем­лекеттік қызмет туралы» Заңның арқасында 15 тармақтың 11-і сәтті іске асырылған.

Негізгі баяндамадан соң пікір алмасу кезінде парламентшілер мемлекеттік қызметке кіру мен одан өту, мемлекеттік аппа­рат­тың кәсібилігі мен Әдеп кодек­сі нормаларының орындалу дең­гейін арттыру бойынша нақты ұсы­ныстарын айтты. Сонымен қатар, халық қалаулылары мем­ле­кеттік қызметшілердің еңбе­гіне ақы төлеу бойынша тәсіл­дер­­ді өзгертуге, «А» корпусына кі­­ретін лауазымдар тізбесін оңтай­­­лан­­дыруға, Президент жанын­­­дағы Мемлекеттік қызмет акаде­­мия­сын одан әрі дамытуға қатыс­­ты бірқатар мәселелерді қызу тал­қ­ылады.

Өз кезектерінде сөз алған Мә­жіліс депутаты Қ.Сұлтанов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің профессоры, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің жанын­дағы Қоғамдық кеңес мүше­сі Е.Оңғарбаев, Бас проку­ра­тураның Кадр жұмысы депар­таменті бастығының орынбасары Г.Шүшікова мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарына жұмысқа тұру және олардан өту кезіндегі бірқатар түйткілді мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарына назар аударды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар