• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Сәуір, 2017

Димаштың орындауындағы «Go Go Power Rangers» әнінің толық нұсқасы жарияланды

230 рет
көрсетілді

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнінің толық нұсқасы жарияланды.

Осыған дейін киноның Қытайдағы дистрибьюторлық компаниясы Weibo әлеуметтік парақшасында саундтрек видеосының 10 секундтық трейлері мен фото-афишасын жүктеген.

«Power Rangers» Американың Lions Gate Entertainment және Қытайдың TIK Films компаниялары бірлесіп түсірген кино. Киноның алғашқы көрсетілімі 24 наурыз күні Америкада және Тайваньда өтті. Қытайда прокатқа 12 мамыр күні шығады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар