• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 14 Сәуір, 2017

Неміс парламентшілерімен кездесті

270 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Бундестагының депутаты Манфред Грунд бастаған «Германия – Орталық Азия» парламенттік то­бы­ның делегациясын қа­был­дады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қыз­ме­ті.

Қ.Тоқаев әңгіме барысын­да екі­жақты, оның ішінде пар­ла­мен­таралық саладағы ынты­мақ­тас­тықтың қарқынды сипатын атап өтті. Төраға Қазақстан мен Гер­манияның Еуропадағы және Ор­та­лық Азиядағы қауіпсіздіктің ма­ңызды мәселелері, сауда-эко­но­микалық ынтымақтастығы, сон­д­ай-ақ мәдени-гуманитарлық са­ладағы байланыстар жөніндегі тұ­рақ­ты үнқатысуының өзектілігіне тоқ­талды. Қ.Тоқаев терроризмді тү­бірімен жою үшін көптарапты әріп­тестікті нығайтудың маңызын да айтып өтті.

Жоғарғы палатаның Төрағасы Қазақстан өз дамуының жаңа тари­хи межесінде тұрғанын айтты. Таяуда Парламент Конституцияға түзетулер қабылдады, онда Пре­зи­денттің бірқатар өкілеттіктері Пар­ла­мент пен Үкіметке қайта бөлінді. Бұл күндері елімізде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани сананы жаңғырту жөніндегі ма­ңызы ерекше мақаласы кеңі­нен талқыланып жатыр. Онда жаң­ғы­рудың бәсекелік қабілет, пра­гматизм, ұлттық бірегейлікті сақ­­тау, білімнің салтанат құруы, да­­мудың эволюциялық жолы, сана­ның ашықтығы секілді идеялар бел­гіленді. Төрағаның айтуын­ша, Мем­ле­кет басшысының мақаласы шын мә­н­інде елімізді экономикалық жаң­­ғыртудың идеологиялық тұ­ғыр­­намасы, біздің қоғамның рухани жол бағдары болып табылады.

М.Грунд Қазақстанның Орта­лық Азиядағы жауапты рөлін атап өте келіп, оны Еуропа­да­ғы Герма­ния­ның рөлімен са­лыс­тырды. Депу­тат Президент Н.Назарбаевтың яд­ро­лық қарудан бас тарту туралы шешімі мен ай­мақ­тағы сенім фа­к­торын паш ете­тін Еуразиялық эко­номикалық одақ құру туралы бас­тамасының ере­кше маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төра­ға­лық етуі, БҰҰ Қау­іп­­сіздік Кеңе­сі­нің мүшесі болып сай­­лануы Қазақстанның жаһандық рө­лін көрсететінін жеткізді.

М.Грундтың пікірінше, қазіргі Пре­зиденттің өз өкілеттіктерін Пар­ламент пен Үкіметке өз ер­кі­мен бе­руі – қазіргі замандағы си­рек құ­былыс. «Германия ғана емес, Ве­нециялық комиссия да Қазақстан оң бағытта ілгерілеп келе жатқанын мой­ындап отыр», – деді ол.

Депутат биылғы қыркүйекте Бун­дестаг сайлауы өтетіні, Еу­ро­пал­ық Одақтың болашағы тура­лы пі­кірсайыстар, көші-қон дағ­да­ры­сын реттеудің келешегі жайын­да ха­бардар етті. Ол Астанада өте­тін ЭКСПО-2017 көрмесінде Гер­мания павильонын жасақтауға жәрдемдескені үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар