• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 14 Сәуір, 2017

Германия делегациясын қабылдады

185 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Бун­дестагының депутаты, «Германия – Орталық Азия» пар­ламенттік то­бы­ның тө­рағасы Ман­ф­ред Грунд бас­таған деле­га­цияны қа­был­да­ды, деп хабарлады Мә­жілістің баспасөз қыз­ме­ті.

Әріптестерін Штайнмайердің Германияның жаңа Президенті болып сайлануымен құттықтаған Мәжіліс Төрағасы оның жаңа қызметінде Қазақстан-Германия қатынастарын тереңдетуге оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Н.Нығматулин Германия Қазақстанның Еуропалық Одақ­та­­ғы маңызды сыртқы саяси жә­не экономикалық әріптесі еке­нін атап өтті. Биыл екі ел арасын­да дипломатиялық байланыс ор­на­­ғанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде барлық салада өзара қарым-қатынас айтарлықтай жоғары деңгейге жетті. Әсі­ре­се, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың 2012 жылы Берлинге рес­ми сапары Қазақстан-Германия бай­ланыстарын стратегиялық әріп­тестік деңгейіне көтерді.

Өткен жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,7 млрд АҚШ долларын құрады, бүгінгі күні елімізде 700-ден астам Гер­ма­ния кәсіпорындары табыс­ты жұ­мыс атқарып келеді.

Мәжіліс Төрағасы делегация мүшелерін ағылшындық құқық жүйесіне негізделген «Астана» ха­лық­аралық қаржы орталығын құру және дамыту үшін қар­қын­ды жұмыс атқарылып жат­қанд­ы­ғы­нан хабардар етті.

Н.Нығматулин 2015 жылы Қазақ­стан Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып Еуро­па­лық Одақпен Кеңейтілген әріп­-

т­естік жә­не ынтымақтастық ту­ралы келісімге қол қойғанын ай­та келіп, құжаттың Бундестаг та­рапынан тезірек ратификацияла­натынына сенім білдірді.

Мәжіліс Төрағасы меймандар­ды елімізде жүргізілген кон­сти­ту­ция­лық реформа төңірегінде то­лық­қанды хабардар етті.

Өз кезегінде Манфред Грунд эко­номикалық құрылым мен әлеу­мет­тік жүйе орната отырып, де­мок­ратиялық жолмен өркендеу Қазақстанның өзгеге ұқсамайтын ерек­ше даму жолы екенін және оның жылдан жылға табысты жүз­е­ге асырылып келе жатқанын атап өтті.

Одан әрі тараптар пар­ла­мен­та­ралық байланысты нығай­ту­дың өзекті мәселелерін тал­қы­ла­ды.

Соңғы жаңалықтар