• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Сәуір, 2017

Келешегімізді айқындаған стратегия

164 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр Жолдауы еліміз үшін дамудың алдағы стратегияларын анықтап, жаңа идеялар мен ұсыныстарға толы болатыны баршамызға белгілі.

Сонымен қоса, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің ширек ға­сыры – Еуразия жүрегіндегі Ұлы Да­лада жазылған мыңжылдық та­рихтың жаңа дәуіріне айналды. Ос­ы жетістіктердің барлығының не­­гізінде халқымыздың бір ша­ңы­рақтың астында тату-тәтті өмір сү­руі мен бірлігі Елбасының ерен ең­бегінің саясатының арқасында. 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылын­да қол жеткізген табыстарымыз бен жетістіктерімізді бүкіл әлем­ге паш еттік және оны әлем жо­ғары бағалап келеді. Оның дә­ле­лі – 2017 жылдың басынан Қазақ­с­тан

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қау­іп­­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мү­шесі болды. Биыл Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көр­­­месі өткелі отыр және тағы бас­­қа жет­істіктерді айтуға мүм­кін­дік бар. Осының барлығы Қа­зақ­­­­стан­ның халықаралық аренада жо­ғары беделге ие болғанын жә­не саясатымыздың дұрыстығын көр­­сетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлем­дегі ең озық 30 мемлекеттің қа­тарына қосылуға тиіс. Біз осы мақ­сатқа қарай табандылықпен іл­герілей береміз. Ал жаһандық бә­се­келестіктің өсуі және әлемдегі тұ­рақ­­сыздық жағдайында 2012 жылы Ел­басының халқымызға ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясының өзектілігі арта түседі. Бұл стратегия біз қиындықтарды уақтылы болжай алғанымызды көрсетті.

«Нұрлы жол» экономикалық сая­сатының және «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осы­нау қиын, жаһандық тран­с­фор­ма­цияның алғашқы кезеңінен

лай­ықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жыл­дар аралығында эконо­миканы қол­дауға қосымша 1,7 триллион тең­ге жұмсалды. Мұның бар­лығы эко­номикалық өсімді жә­не биз­нес­ті қолдауға, 200 мың­нан ас­там жа­ңа жұмыс орындарын ашу­ға мүм­кін­дік берді.

Елбасының Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­һандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауында да айтылған бірінші ба­сымдық – экономиканы же­дел­де­тіл­ген технологиялық жаңғырту.

Бүгінгі жаһандық дамуда бә­се­кег­е қабілеттілік – ең басты қару. Дәу­іріміздегі жаңа жаһандық қа­терлерге қарсы мемлекеттің бә­с­е­­ке­лестігін арттыру арқылы кез кел­ген мемлекет жаңа индус­трия­лан­дырудың жаһандық үдерісіне қо­сыла алады. Осы ретте, көптеген да­мыған елдердің тәжірбиесін қарастыра отырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің маңызын сезетін едік. Яғни, соңғы жылдары шапшаң дамып жатқан интернет саудалары, энергия үнемді желілер, транзакция-

ларды жүзеге асыру бағытындағы мобильді қосымшалар және тағы басқалары ең үлкен басымдыққа ие болып отыр. Ендеше, бәсекеге қабілеттіліктің өзегі де осында.

Елбасы Жолдауында бұл ба­сым­дықтың өзі бірқатар мін­дет­терді қамтыды. Атап айт­қан­да, бі­­­рін­­ші міндет – цифр­лық тех­­но­ло­гия­­­ны қолдану ар­қы­лы құ­­ры­ла­тын жа­­ңа индустрияларды өр­­кен­дету.

Әлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қа­лыптастырмай, Үшінші жаң­ғы­руды жүзеге асыру еш мүмкін емес. Бұл ретте, жаһандық жаңа қа­терлерге қарсы адами капитал­ды да сапалы дамыту қажет. Ал адами капиталдың өзегі – бі­лім. Бі­лім – болашақ дамудың ке­пі­лі. Сондықтан да, Елбасы бұл ба­­­сымдық бойынша білім беру жүйе­сінің рөлін өзгертуді көздеп отыр. Білім арқылы бәсекеге түсу, бі­лім арқылы озу – қай жағынан алғанда маңызды. Өйткені, ғылым дамымай, дүние дамымайтыны баршамызға аян.

Осы жерде, басты міндет – бі­лім беруді экономикалық өсудің жа­ңа моделінің орталық буынына ай­налдыру. Президент білім саласын дамыту туралы айтқанда, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлт­жандылықты дамытуға баса кө­ңіл бөлу керектігін алға тартты. Ен­ді қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту керек. Ал Үкі­метке үш тілді оқуға кезең-ке­зең­мен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу жүктелді.

Адами капиталды дамыту­да ұрпақ саулығы да ерекше рөл атқарады. Яғни, ұрпақ сау­лы­ғы – ұлт саулығы. Осы рет­те, Елбасы биылғы 1 шіл­де­ден мем­ле­кеттің, жұмыс беру­ші­лер­дің, аза­мат­тар­дың ортақ жау­ап­­ке­р­ші­лігіне не­гізделген мін­дет­ті ме­дициналық сақ­тандыру жүй­е­сі ен­гізілетінін, ол жүйенің тиім­ді­лігі әлемдік тә­жі­рибе арқылы дә­лел­денгенін баса айт­ты.

Әлеуметтік қамтамасыз ету са­ласы да басты назарда болмақ. Атап айтқанда, 2017 жылғы 1 шіл­деден бастап 2,1 миллион зей­неткер үшін зейнетақы 2016 жы­л­ғы деңгейден 20%-ға дейін ар­тады. Бұдан бөлек, базалық зей­нет­ақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты бел­гі­ленеді. Осы өсімнің барлығы 2018 жы­лы ба­залық зейнетақының жа­ңа мөл­ше­рін 2017 жылмен са­лыс­ты­р­ғанда 1,8 есе арттыруға мүм­кін­дік береді.

Жолдаудың соңында Мемлекет бас­шысы Үкіметке «Қазақстанның ұлт­тық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаң­ғыр­ту жөніндегі 2025 жылға дей­ін­гі да­мудың стратегиялық жоспарын әзір­леуді тапсырды.

Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстан үшін жаңғырудың Үшін­ші кезеңіне көшу арқылы жа­һандық технологиялық бәсе­ке­лестікке ұмтылуға негізделеді. Ұлт­­­тың осындай міндеттерді орын­дау­­ға әзірлігін пысықтайды. Пре­зи­­денттің сөзімен айтсақ, Үшінші жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қа­терлермен күрес жоспары емес, ол болашаққа, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы мақсаттарына бас-

тайтын сенімді көпір болмақ.

Сөзімді қорыта айтқанда, би­ыл­ғы Елбасы Жол­дауы кө­ңі­лі­міз­ге қуат беріп қана қой­май, қа­зақ­стандықтардың өмірін жақ­сар­­та түсуде таңдалған бағыттың бұ­рыс­тығына халықтың сенімін одан әрі нығайта түсетіні анық.

Аллатағала елімізге амандық, жұр­тымызға тыныштық, хал­қы­мызға бірлік пен береке берсін!

Фахриддин ҚАРАТАЕВ, 

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар