• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет 14 Сәуір, 2017

Қос туындының тұсауы кесілді

601 рет
көрсетілді

Алаш қайраткерлерінің коммунист колонизаторлармен (Смағұл Сәдуақасов) бастары «бір қазанға» сыймауына негізгі себеп: ...бұлар қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық тәсілмен күрт өзгертуді емес, қайта эволюциялық жолмен басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол Қазақ еліне өзін өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін дүние-тін.

Алаш партиясы мен Алаш­орда өкіметінің құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы даталы оқиғаны еске алу мақ­сатында Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық универ­ситетінде «Кітап тағдыры – қо­ғам тағдыры» атты ха­лық­ара­лық ғылыми-тәжі­рибелік кон­­ференция ұйым­дастырылып, аталмыш шара аясында алаштанушы ғалым, профессор Тұрсын Жұртбайдың қос кітабы – «Боль моя, гордость моя – Алаш» және «Акинак» атты шығармаларының тұсауы кесілді. 

Туынды авторы Тұрсын Жұрт­бай нағыз алашшыл азамат. Бұған дейін осы тақырыпты қаузаған «Ұраным – Алаш» атты кітаптар сериясы қазақша жарық көрген болатын. Жоғарыдағы орыс тілінде шыққан 1100 беттік көлемді туынды «Ұраным – Алаштың» толықтырылған аудар­масы. Екінші кітап «Акинак» автордың тағы бір құнды еңбегі – екі томдық «Дулыға» кітабының жетілдірілген орысша нұсқасы. Кітапта Геродоттың шығармасы арқылы таныс Тарғытайдан бас­тап, көк түріктер дәуірінің билеу­шілері Білге қаған, Күлтегін қа­тарлы 77 тарихи адамның есім-тұлғасы баяндалады.

Тұсаукесер үстінде пікір біл­дірген танымал тарихшы Болат Көмековтің пайымынша, Тұрсын Құдакелдіұлының «Акинагы» – күллі Еуразия кеңістігін қам­ти­тын хронологиялық кітап һәм ұлттың тарихи санасын қа­лып­­тастыратын дүние. Ал екін­ші туынды – шын мәнінде Алаш­тың қаны мен көзінің жасы. Бұл кітаптың жазылуына бір­ден-бір себепші адам – Олжас Сү­лейменов. Олжекең 1987 жы­лы 13 қаңтар күні Тұрсынды шақырып алып, Мемлекеттік қау­іпсіздік комитетінің архивіне кіріп, құжаттармен танысуға рұқсат алып берген. Архивте 2 жыл тапжылмай отырған Т.Жұрт­байдың еңбегі кі­тап болып 30 жылдан кейін то­лық күйінде жарық көріп отыр.

Жиынға құрметті қонақ ре­тінде қатысқан Олжас Омар­ұлы: «Тұрсын жабулы қазан­ның бетін ашу үшін 30 жыл ғұ­мырын арнады. Ауыр еңбекті аса табан­дылықпен атқарып шықты», деп авторға зор алғысын білдірді.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар