Ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша 16 сәуір күні өткен референдумдағы дауыс санау жұмыстары аяқталды. Президенттік басқару жүйесін енгізуді жақтаушылар жеңіске жетті. Дегенмен президенттік басқару жүйесін қолдаушылар мен оған қарсылардың арасындағы айырмашылық аса үлкен емес. Небәрі 1,25 млн сайлаушы (51,3 процент 48,7 процентке қарсы).
Түркияның Орталық сайлау комиссиясының басшысы Сади Гювеннің мәлімдеуінше, дауыстарды санау жұмыстары аяқталуға таяу. Алда 600-ге жуық бюллетеньді өңдеу ғана қалды. Осылайша, референдумның нәтижесі осы кезден-ақ белгілі деп айтуға болады.
«Бюллетеньдерді өңдеу шараларының алдын ала нәтижелері референдумда «иә» деп дауыс бергендер саны 1,25 млн-ға көп болды, барлығы 24,5 млн. Дауыс беру қорытындылары «иә» деп отыр. Толық қорытынды нәтижелер кемінде 11-12 күннен соң белгілі болады», - деді Гювень.
Айта кетейік, референдумның артынша доллардың түрік лирасында шаққандағы бағамы күрт төмендеп кеткен.