Қарағанды облысында еріген қар суының тасуы салдарынан 13 сәуірден бері «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» республикалық маңызы бар автожолының 139, 141 және 169-шақырымдары (17-215 шақырым аралығы, Қарағандыдан Қарқаралыға дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жабық тұр.
Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суының тасуы салдарынан 16 сәуір күні «Жезқазған-Петропавл» (671-700 шақырым аралығы, Тоқсан би - Новоишимское ауылдары), «Екатеринбург-Алматы» (729-768 шақырым аралығы, Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би) автожолдарында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ Қостанай облысында еріген қар суының тасуы салдарынан 16 сәуір сағат16:00-де «Екатеринбург-Алматы» (686-729 шақырым аралығы, Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы) республикалық маңызы бар тасжолында барлық автокөліктің қозғалысына тыйым салынды.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/respublikanyn-ush-oblysynda-zholdar-zhabyk-kuyinde-kaluda_a3017773