• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2017

Ақтөбеде 600 үй су астында қалды

353 рет
көрсетілді

​Ақтөбедегі үш ірі су қоймасына жиналған қар суы өзендерге ағызылып жатыр. Қазіргі кезде 600-ге жуық аула мен үй су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі облыстық төтенше жағдайлар қызметі өңірдегі барлық өзендердің деңгейі түсті деп ақпарат таратты. Бірақ ірі су қоймаларына даладан келіп жатқан су тоқтаған жоқ. Сондықтан Ақтөбе қаласы маңындағы Сазды су қоймасынан секундына 20 текше метр, Ақтөбе су қоймасынан секундына 540 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 400 текше метр су жіберіліп жатыр. Ең ірі Қарғалы су қоймасы кеше ашылды. Қойма 96 пайызға толып тұр.

«Қарғалы су қоймасы ашылды. Бірақ қауіп жоқ. Себебі өзендердің деңгейі түсті, қала маңындағы су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері де азайып келеді. Әрі Қарғалы су қоймасынан жіберілген су қалаға екі күнде келеді. Демек өзендердің деңгейі төмендеген кезге дәл түсіп тұр», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Бүгінгі мәлімет бойынша Ақтөбедегі 579 үй мен ауланы су басты. Бес үй құлап қалды. Барлығы 1 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 69 адам құтқарылды. Баспанасы су астында қалған адамдар қаладағы төрт мектепке орналастырылды. Онда қазір 500-ден астам адам жатыр. Ал 700-ге жуық адам туыстарын жағалап жүр.

«Саяжай аумағына үй салуға рұқсат берген кім? Үйлердің құжаты бар ма? Осы сұрақтар арнайы құрылған комиссия тексеруі кезінде анықталатын болады. Себебі, өзен жағалаулары бау-бақшаға арналған. Адамдар жыл сайын қауіп төнетінін түсінуі керек»,- деді Бауыржан Сыздықов.  

Соңғы жаңалықтар