• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2017

Елбасы белгілеген жобалар қалай жүзеге аспақ?

141 рет
көрсетілді

Мәжілісті ашқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ең ал­ды­­мен мини­стрлік құрамындағы Туризм индус­триясы комитетінің тө­ра­ғасы қыз­метіне кіріскен Майнұр Мыр­замадиеваны таныстырды. Со­сын, Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы тө­ңі­ре­гіндегі ой-пікірлерімен, алдағы ат­қа­рылар ауқымды істермен бөлісті.

Мәжілісті ашқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ең ал­ды­­мен мини­стрлік құрамындағы Туризм индус­триясы комитетінің тө­ра­ғасы қыз­метіне кіріскен Майнұр Мыр­замадиеваны таныстырды. Со­сын, Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы тө­ңі­ре­гіндегі ой-пікірлерімен, алдағы ат­қа­рылар ауқымды істермен бөлісті.

«Елбасы барлығымызды кү­ші­­мізді біріктіруге, шығар­ма­шы­лық зиялы қауымды, Ғылым ака­де­миясын, қоғамдық ұйымдарды, жал­пы ұлттың тағдырына бей-жай қа­рамайтындарды тығыз байланыста жұ­мыс жасауға шақырды. Елі­міз­дің мың жылдық тарихында біз алғаш рет қоғамдық сананың жаң­ғы­ру­ына, мәдени генетикалық код­тың сақталуына бағытталған сы­н­дарлы қадам жасап отырмыз» де­ген министр көпшілікті осы ға­с­ырға қажетті барлық қасиетті бой­ға жинақтауға, өзгермейтін тап­тау­рын үлгілерден құтылып, білім мен құзыреттілікті арттыруға ша­қыр­ды. Бұл орайда жаңалыққа ашық­тық, халықаралық дағдылар мен тә­жірибелерді үйрену жайы да қоз­ғал­ды.

Елбасының елдік сананы жаң­ғыр­ту үшін нақты жобалар ұсынғаны бел­гілі. Латын әліпбиіне қатысты министр тек Білім және ғылым ми­ни­стрлігімен бірігіп жұмыс істей­міз дегенді баяндады. Сондай-ақ, тиіс­ті комитеттің жалпы ұлттық тү­сін­діру жұмысын атқару қажеттігі ту­ра­лы қысқа қайырды.

Министр Елбасының маңызды жобаларының бірі – «Туған жердің» жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналатынын мәлімдеді. «Бұл бағытта министрлік тарапынан маңызды жұмыс атқарылуда. Бүгін­гі таңда Парламентте қаралып жат­қан «Мәдениет туралы» заң жо­ба­сында эксперттік комиссия құ­ру арқылы қоғамдық маңызы бар әдебиетті конкурстық негізде таң­дау және авторлық қаламақы тө­леніп, оларды сатып алу бойынша норма көзделген.Аталған норма сапалы әдеби шығармалар жасауды ынталандыруға, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауға және туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуға бағытталған», деді министр.

Ал Елбасы ұсынған «Қазақстан­ның киелі жерлерінің географиясы» жо­басы туралы әңгімелегенде А.Мұха­ме­диұлы туризм саласының «ал­тын» дәуірі енді басталғанын жет­кізді. Туризмнің энергетика, аг­ро­өнеркәсіптік кешен, сауда, кө­лік, индустрияландыру секілді ау­қымды салалармен бірге, дамуы тиіс басымдықтардың қатарында тұр­ғанын айтты. «Сондықтан, Мә­дениет институты мен Туризм комитетіне мүдделі тараптармен бірлесіп бір ай ішінде еліміздің киелі орындарының картасын жасақтауды тапсырамын. Сондай-ақ, оларды кеңінен зерттеп, әрі қарай насихаттауға бағытталған жоспар жасақталуы тиіс. Өз ке­зе­гінде Мәдениет департаменті «Discovery», «National Geographic» те­­ле­арналарымен бірлесіп Қазақстан ту­ралы ғылыми-танымдық фильмдер се­риясын шығару мәселесін тия­нақ­тауы қажет», деді ол.

Айта кетейік, алқа мәжілісінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мем­ле­кеттік тарихи-мәдени жә­не әде­би-мемориалды қорық-мұ­ра­­жа­йы­ның директоры Болат Жүніс­бе­­к­ов, Қазақстан туристік қа­у­­ы­м­­дастығының директоры Рә­шида Шәй­­кенова, «Астана-Опера» те­ат­ры­ның директоры Ға­лым Ах­ме­дьяров және Ұлттық ака­де­мия­лық кітапхананың бас ди­рек­то­ры Үмітхан Мұңалбаева бая­н­да­ма жасады.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар