• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2017

Алдағы мақсаттар айқындалды

133 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы активінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды.

Алқалы жиынды жүр­гі­зіп отырған өңір басшысы  Жансейіт Түймебаев күн тәр­тібіне тоқталып, Елба­сы­ның ма­қаласы мемлекеттік идеоло­гияны анықтайтын басты сая­си құжат болып табылатынын айтты.

− Президентіміз үшінші жаң­ғыру үдерістерінің мақ­сат­тары мен міндеттерін кө­ре­гендікпен нақтылай отырып, енді рухани жаңғырудың Жол­дауы іспетті дүниесін жа­риялап, сәулесі бар саналар­ды дүр сілкіндіріп отыр. «Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фаши­зм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді», – дейді Елбасымыз өзінің ма­қа­ла­сын­да. Сондықтан да, Көш­бас­шы меңзегендей, бүгінде радикалды идеологиялар ға­сы­­рының келмеске кеткенін біржо­лата мойындауы­мыз керек, – деді.

«Президент нақты жобалар ретінде біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жа­ңа оқулық» жобасын жүзеге асы­ру, үшіншіден, «Туған жер» бағ­дарламасын қолға алып, оның ауқымын «Туған ел­ге» ұластыру, төртіншіден, жал­пыұлттық қасиетті орындар ұғымын саналарға сіңіру үшін «Қазақстанның қасиетті ру­­хани құндылықтары» неме­се «Қазақстанның киелі жер­ле­рінің географиясы» жоба­сын жасау, бесіншіден, мә­де­ниеттің бәсекелестік қабіле­тін қалыптастыру үшін «Жа­һандағы заманауи қазақ­стан­дық мәдениет» жобас­ын іске асыру, алтыншыдан, замандастарымыздың жетіс­тік­тері тарихына назар ауда­руы үшін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын қолға алу белгіленген.Мақа­ла­да көр­сетілген маңызды мә­се­ле­лер­ді жетік меңгеру ке­ре­к­тігін, бү­кіл Оңтүстік тұ­р­ғын­дарына те­рең түсіндіруге тиіспіз», деді Ж.Түймебаев облыс ак­ти­вімен бол­ған кездесуде.

Жиында алғашқы болып сөз алған Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт бағдарламалық мақаланы Жол­­даудың жарасымды жал­ға­сы, рухани сыңары деп сө­зін сабақтады. Рухани жаң­ғы­ру, ерекше сілкіністі ұлт бо­ла­шағына алаңдайтын жамағат көп­тен бері күтіп жүрген. Ел­басымыздың кемеңгерлігі жа­ңа тұрпатты жаңғыруды нағыз пі­сіп жеткен мезгілінде көтеруі болды. Осылай деген жазушы со­нымен қатар, облыстағы ру­хани салада атқарылып жат­­қан жұмыстарға талдау жа­­сай келіп, Ордабасы тауын ұлықтау мәселесі ұмыт қал­­ғанына алаңдаушылығын біл­д­ірді.

«Нұр Отан» партиясы об­лыстық филиалы тө­ра­ға­сының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев Елбасының «егер жаң­ғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген түйінді сөзін басшылыққа алып, жұмыс жасаудың жайын айтты. Мақалада көтерілген мә­селелерді халыққа жеткізуде «Нұр Отан» партиясының м­үшелері белсенділік та­ны­тат­ындығын білдірді. Жи­ын­да сөз алған Шымкент қа­ла­сындағы №65 мектеп-гим­на­зиясының директоры Қатира Қадырбаева мен облыстық «Южный Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары Кеңес Исмаилов та өз пі­кір­лерін ортаға салды.

Президентіміздің мақала­сын­да айтылған ой-пікірлерді жү­зеге асыруда жан-жақты жұ­мылудың қажеттігін айт­қан аймақ басшысы облыс әкі­мі­нің орынбасары Ұласбек Сә­дібекұлы мен облыстық ішкі саясат басқармасына мақа­ла­ны насихаттау бойынша ағым­дағы жылдың соңына дей­ін облыстық және аудан, қа­лалық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырып, желілік кесте әзір­леуді тапсырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар