• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2017

Құндылықтар өлшемі

200 рет
көрсетілді

Павлодар облысының актив жиналысында айқын мақ­сат­тар айтылған Мемлекет басшысының «Болашаққа ба­ғ­дар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мән-ма­ңызы талқыланып, осыған байланысты алдағы атқарар жұмыстар барысы сөз болды.

– Бұл мақалада, еліміздің рухани жаңғыру жолындағы болашақ бағыты айқындалып отыр. Біз – бірлік пен берекені, тұрақтылық пен келісімді нығайта отыра, «Мәңгілік ел» идеясын шынайы жүзеге асы­руға бет алдық. Осы жолда, Елбасы тұтас қоғамның, елі­міздің әрбір  азаматының санасын жаңғырту уақыты кел­генін жеткізді. Ал кез келген ортада бәсекеге қабілетті болу – табысты адамның формуласы. Ол бүгінгі заманның та­лабы, – деп атап өтті жиын ба­рысында  облыс әкімі Болат Бақауов. 

Мақаланы талқылау жиынында сөз сөйлеген профес­сор Айман Зейнуллина: «Жаң­ғыру сипатында ұлттық құндылықтарымыздың қоғам­ға жат, ескіргенін ығыстырып, ұлт болмысына қажеттісін на­­сихаттағанымыз дұрыс бола­ды. Екінші назар аудара­тын нәрсе – ұлтымыздың бі­лім­ділігі мен біліктілік маз­мұ­ны. Аса білімдар ұлт қана төл құн­дылығын сақтап, әлем­дік кеңістікте ұлттық параса­тын көрсете алады. Соның бі­регейі – ұлттық тіл құдіреті. Тіл – ұлттық тірегіміз, руха­ни күш қуатымыз, ұлт айбы­ны, ұлтжандылық сезімін шың­дайтын құрал екені бар­шамызға белгілі», деді. 

Ал филология ғылым­да­­рының кандидаты, Инно­вациялық Евразия уни­вер­ситетінің проректоры Вла­ди­мир Шнайдер: «Осыдан 25 жыл бұрын латын әліпбиіне көшуді  Әбдуәли Қайдари айтып еді. Сондықтан, Елбасы  мақаласында бұл тақырыптың қай­та көтерілуін, латын әліп­биіне көшуді қуанышпен қа­былдадым.  Бар мақсат, бүгінгі тіл­ді осы күйінде сақтап қалу, қаз­ақ жазуын бөтен тілдің жазу м­ә­нерінен айрықша, қазақи дәстүрлі ету. Егер біз кирилл әліпбиінде қала беретін болсақ, қазақ тілінің өзін өзі сақтау иммунитеті жойыла береді. Шет елде тұратын 5 миллион­дай отандастарымыздың 80 пайызы латынша оқып кете алатындығын ескерсек, латын әліпбиі болашақта дүние жүзі қазақтарын жақындастыруға септігін тигізетіндігі сөзсіз. Ла­тын алфавиті өте танымал. Көп­теген ұлт өкілдері шет ел тіл­дерін еркін оқиды. Егер біз де латын әліпбиіне көшсек, қазақ тілін емін еркін оқуға мүмкіндіктер туар еді», деді.  

Жиында сонымен қатар, «Ұлттық бірегейлікті сақ­тау», «Білімнің салтанат құ­руы», «Сананың ашық­ты­ғы» тарауларында алдағы ү­л­­кен міндеттерге, атап айт­қан­да, қазақ тілін латын әліп­биіне көшіру, «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жа­ңа есім», тағы басқа не­гізгі та­қы­рып талқылау  арқ­ау­ына айналды. Жиынға қа­ты­су­шы­лар, Елбасының руха­ни жаңғыру жөніндегі ба­ға­лы ұсыныстарын қазақ­стан­дық­тардың,  әсіресе, жас өскін санасына жеткізу жолдарын ортаға салды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар