52 кг: Музаффар Әнуар; 60 кг: Сафиуллин Закир; 69 кг: Шымбергенов Асланбек; 81 кг: Рысбек Арман; +91 кг: Боқаев Олжас;
Қытай командасы әзірге боксшыларының тізімін жарияламады. Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы кездесу 22 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында 17:30-да (Астана уақыты бойынша) өтеді.
Айта кетейік, жерлестеріміз WSB маусымының алғашқы кездесуінде Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасымен 4 ақпан күні Мәскеуде күш сынасып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл күнгі кездесу төмендегідей аяқталған болатын:
49 кг: Теміртас Жүсіпов – Батор Сагалуев 1:2 (48:47, 47:48, 47:48); 56 кг: Ілияс Сүлейменов – Артем Хотенов 3:0 (49:44, 47:46, 48:45); 64 кг: Ділмұрат Міжитов – Радмир Абдурахманов 1:2 (48:47, 46:49, 47:48); 75 кг: Әбілхан Аманқұлов – Раджаб Раджабов 2:1 (48:47, 47:48, 49:46); 91 кг: Антон Пинчук – Илья Колесников 3:0 (49:46, 49:46, 50:45).
18 ақпан күні «Astana Arlans» Талдықорғанда Өзбекстанның «Uzbek Tigers» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен басым түсті.
52 кг: Олжас Сәттібаев – Аброржон Кодиров 3:0 (49:46, 48:47, 48:47); 60 кг: Закир Сафиуллин – Муроджон Ахмадалиев 3:0 (49:46, 50:45, 49:46); 69 кг: Асланбек Шымбергенов – Шахрам Гиясов 2:1 (47:48, 48:47, 48:47); 81 кг: Нұрдәулет Жарманов – Бектемір Меликузиев 0:3 (46:49, 46:49, 46:49); +91 кг: Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалолов 3:0 (50:45, 49:46, 48:47).
4 наурызда жерлестеріміз Атырауда Қытайдың «China Dragons» ұжымын қабылдап, 5:0 есебімен ойсырата ұтты
49 кг: Теміртас Жүсіпов – Джунджун Хе 3:0 (48:47, 48:47, 49:46); 56 кг: Ілияс Сүлейменов – Лонг Ванг 3:0 (50:45, 50:45, 50:45); 64 кг: Ділмұрат Міжитов – Янг Лю 3:0 (50:44, 50:44, 50:43); 75 кг: Сапарбай Айдаров – Минганг Жао 3:0 (50:45, 50:45, 50:45); 91 кг: Антон Пинчук – Сергей Новиков 3:0 (49:46, 50:45, 50:45).
«Astana Arlans» 18 наурыз күні Таразда Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасымен күш сынасып, 4:1 есебімен жеңді.
52 кг: Олжас Сәттібаев – Вячеслав Ташкараков 3:0 (30:27, 30:27, 30:27); 60 кг: Закир Сафиуллин – Артур Субханкулов 3:0 (49:46, 49:46, 49:45); 69 кг: Асланбек Шымбергенов – Шахабас Махмудов 3:0 (50:45, 49:46, 50:45); 81 кг: Арман Рысбек – Павел Силягин 2:1 (48:47, 47:48, 48:47); +91 кг: Олжас Боқаев – Магомед Омаров 0:3 (45:50, 45:50, 45:50).
Осы жеңісінен кейін жерлестеріміз топтық кезеңде 12 ұпаймен мерзімінен бұрын турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
«Astana Arlans» 1 сәуір күні Ташкентте жергілікті «Uzbek Tigers» ұжымымен кезекті рет күш сынасып, 1:4 есебімен есе жіберді.
49 кг: Теміртас Жүсіпов – Хасанбой Дусматов 0:3 (45:50, 46:49, 45:50); 56 кг: Ілияс Сүлейменов – Абдулхай Шарахматов 0:3 (47:48, 47:48, 45:50); 64 кг: Ділмұрат Міжитов – Эльнур Абдурайымов 0:3 (45:50, 46:49, 47:48); 75 кг: Сапарбай Айдаров – Исрайыл Мадримов 0:3 (44:50, 44:50, 45:49); 91 кг: Антон Пинчук – Зухриддин Махкамов 3:0 (50:45, 50:45, 49:46).
Бүкiләлемдiк бокс сериясы – АИБА басшыларының 2010 жылы жаңадан ашқан жобасы. Жекпе-жектер бес салмақ дәрежесінде үш минуттан бес раунд өтеді. Боксшылар кәсіпқой бокс форматымен жұдырықтасады.
Осы уақыт аралығында «Astana Arlans» екі мәрте чемпиондыққа қол жеткізді (2012/2013 және 2015). Жерлестеріміз 2010 жылдан бері жүлделі орындарға іліккен жалғыз команда атанды (2010/2011 – күміс, 2011/2012 – қола, 2013/2014 – қола, 2016 – қола).
WSB чемпиондары мен жүлделі орындарға ие болған командалар:
2010/2011 – 1-орын: «France Fighting Roosters», 2-орын: «Astana Arlans», 3-орын: «Azerbaijan Baku Fires», «USA Knockouts»;
2011/2012 – 1-орын: «Azerbaijan Baku Fires», 2-орын: «Patriot Boxing Team», 3-орын: «Astana Arlans», «Azerbaijan Baku Fires»;
2012/2013 – 1-орын: «Astana Arlans», 2-орын: «Ukraine Otamans», 3-орын: «Mexico City Guerreros», «Dolce & Gabbana»;
2013/2014 – «Cuba Domadores», 2-орын: «Azerbaijan Baku Fires», 3-орын: «Astana Arlans», «Patriot Boxing Team»;
2015 – 1-орын: «Astana Arlans», 2-орын: «Cuba Domadores», 3-орын: «Mexico City Guerreros», «Patriot Boxing Team»;
2016 – 1-орын: «Cuba Domadores», 2-орын: «British Lionhearts», 3-орын: «Astana Arlans», «Uzbek Tigers».
Дайындаған Аян Әбдуәли «Егемен Қазақстан»