22-23 сәуір күндері «Алатау» СК автотұрақ аймағында Жамбыл облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Елордадағы дәстүрлі аймақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінің маусымын Жамбыл облысы ашады. Шара барысында 156 млн теңгенің 203,1 тонна өнімі ұсынылмақ, соның ішінде жылқы, құс еті, сүт өнімдері, қант, бал, балық өнімдері нарық бағасынан 10-15% пайызға арзан сатылады.
Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыстың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкелері қаланың ішкі нарығында бағаны тұрақтандыруға және отандық өнімдермен толтыру үшін ай сайын өтеді.