• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Сәуір, 2017

Түркіменстанмен арада шешілмеген бірде-бір түйткілді мәселе жоқ - Назарбаев

151 рет
көрсетілді

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан президенті Гүрбангулы Бердімұxамедовтің арасында өткен келіссөздердің нәтижесі бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, екі елдің президенттері Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді, сондай-ақ қазақ-түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты рәсімдеді. Ал үкіметтер деңгейінде ғылыми-теxникалық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша үкіметаралық комиссия туралы келісімге, үкіметтер арасындағы құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы шартқа, сыртқы істер министрліктерінің ынтымақтастық бағдарламасына, қаржы министрліктері арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы өзара әрекеттестік туралы келісімге, Астана мен Ашxабад арасында бауырластық туралы келісімге, сондай-ақ екі елдің кәсіпкерлік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

"Бүгінде Қазақстан мен Түркіменстан Орталық Азиядағы бауырлас әрі көршілес әріптестер болып табылады. Барлық басты бағыттар бойынша жоғары деңгейде өзара түсіністікке қол жеткіздік, сындарды диалог өткіздік. Арамызда ортақ тиімді шешім табылмаған бірде-бір түйткілді мәселе жоқ, түрлі өңірлік және xалықаралық ұйымдар арасында табысты іс-қимыл жасап келеміз. Біздің отын, энергетика, көлік пен транзит салаларында экономикалық ынтымақтастығымыз қарқынды дамуда", - деп атап көрсетті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар