• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2017

Филиал жетекшілерімен отырыс өткізілді

150 рет
көрсетілді

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары және департамент басшыларымен кеңейтілген отырыс өткізді. Ол 2016 жылғы және 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыстардың қорытындысына, сондай-ақ келешектегі қысқа және ұзақ мерзімге арналған қызметтердің басым бағыттарына арналды.

Партия Төрағасының бірін­ші орынбасары барлық жұмыс­тар­дың негізгі көрсеткіші айтар­лық­тай жақсарғанына тоқталды. Атап айтсақ, орталықта да, жер­гі­лікті жерлерде де «Нұр Отан» пар­тиясының барлық бөлім­ше­лерінің қызметі жандана тү­с­кен. Бұл ретте, әсіресе, конс­ти­­ту­­циялық реформа, Прези­де­нт­­тің «Қазақстанның Үшін­ші жаң­­ғыруы: жаһандық бәсе­­кеге қа­бі­леттілік» атты халық­қа Жол­дауы, «Нұрлы жол» инф­ра­­­құ­­рылымды дамыту бағ­дар­ла­­ма­­сы, Агроөндіріс ке­ше­нін да­­мы­­ту мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сы, Нә­тижелі жұ­мыс­пен қамту­ды және жап­­пай кәсіпкер­лікті дамы­ту бағ­дар­ламасы, сон­дай-ақ «Нұр­лы жер» тұрғын үй құ­ры­лы­сы бағдарламасы сияқ­ты күн тәр­тібіндегі маңызды мәсе­ле­лерге ерекше көңіл бөлініп келеді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед ре­сурс­тарды айқын бөлу мен ме­нед­жменттің тиімді үлгісі бар, сондай-ақ барлық деңгей­дегі істің нәтижелілігін қатаң бақы­­лауды қамтамасыз ететін пар­тия қызметінің қысқа және ұзақ мерзімге арналған жос­пар­лауы­ның жаңа жүйесін енгізудің арқа­сында жұмыс сапасының артып, қамтылу ауқымының кеңейе түскенін атап өтті.

Келешектегі негізгі басым­дық­тарға тоқталатын болсақ, Мұхтар Құл-Мұхаммед нұротан­дықтарға өткен аптада қазақ­с­тан­дық жетекші БАҚ-тарда жарық көрген және саяси, эконо­ми­калық қайта құрулармен қатар, рухани жаңғырудың жал­ғасы болып табылатын Прези­дент­тің «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты жаңа бағдар­ламалық мақаласына қатысты жалпыхалықтық талқылауларға белсенді қатысып, оны тиімді жүзе­ге асыруды тапсырды. Пар­тия Төрағасының бірінші орын­басары Елбасының жаңа тари­хи бастамаларын түсіндіру жөнін­дегі жұмыстың ерекше маңыз­дылығына тоқталып, партияның бұл істің басы-қасында бола­тынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, жиын бары­сында көктемгі су тасқыны­нан зардап шеккен аймақтардағы ахуал туралы да айтылды. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отанның» өңірдегі филиалдарына зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуді тапсырды.

«Біз – қашанда бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан, кімге де болсын қамқорлық қолын созуға дайын халықпыз. Бұл жолы да сіздерді қиындыққа тап болған отандастарымыздың жағдайына бейжай қарамайды деп сене­мін. «Нұр Отан» партиясы бұл қайы­рымды, сауабы мол істе көпке үлгі болуы тиіс. Су тасқы­ны­нан зардап шек­кендерге қол­ұшын созу – біздің аза­маттық абзал борышымыз. Сон­дықтан, жер­гі­лікті жерлерде осы бағыт­тағы жұмысты жедел әрі жүйелі ұйымдастыруымыз керек», – деді «Нұр Отан» партиясы Төр­­аға­сының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар