• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Сәуір, 2017

Түрікменстанмен ақпарат алмасамыз

200 рет
көрсетілді

Кеше «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Түрік­мен­­станның «TDH» мемлекеттік ақпарат агенттігі арасында өзара ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатты «ҚазАқпарат» агент­­ті­гінің бас директоры Асқар Омаров пен Түрікменстан мем­ле­кеттік ақпарат агенттігінің төр­ағасы Бекдурды Амансарыев рәсім­деді. Асқар Омаров өз сөзін­де келісімшартқа Түрікменстан Пре­зиденті Гурбангулы Берды­мұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол қойылып отырғанын айтты.

«Келісімнің негізгі бағыты  бауырлас екі елдің арасындағы бай­ланыстарды нығайтып, жаңа­­лықтармен бөлісу болмақ. Өз­деріңіз де білесіздер, қазіргі кезде Орталық Азия елдерінің ара­­сында интеграциялық үдеріс­тер  өте қарқынды жүргізілуде. Түрік­менстан мен Қазақстан арасында да бірқатар жоба бар. Мәселен, «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жолы салынған. Мұнан өзге де жобалар іске асы­рылуда. Солардың барлы­ғын Түрік­менстан ақпарат агент­тігін­де, «ҚазАқпаратта» жария­лап оты­ратын боламыз. Яғни, өзара ақпарат алмасу туралы бұл мемо­рандум екі елді бір-біріне жақын­дата түсу үшін жасалды»,  деді «ҚазАқпараттың» бас директоры.

Өз кезегінде Бекдурды Аман­сарыев агенттіктер арасындағы келі­сімге қол қою рәсімін екі ел Пре­зиденттерінің маңызды келіс­сөздері аясындағы тарихи сәт деп баға­лайтындығын атап өтті. «Біз­дің халықтарымыз тари­хы мен мәдениеті ортақ бауырлас халық­тар саналады. Алға қойған мақ­саты­мыз бір, экономикалық байланыс­тарымыз жоғары», деп атап өтті ол.

Шара соңында Бекдурды Аман­­сарыевқа шапан жабылып, қона­ққа сай құрмет көрсетілді. Бауыр­лас елдің өкілдері де құрқол келмей, құнды кітап тарту етті.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар