Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, екпінді жел соғады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқырайды.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Түнде Алматы, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.