• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2017

Алдымен мал шығыны өтеледі

142 рет
көрсетілді

Тінтуір, Құндызды өзендерінің қазір суы төмендеді. Қарасу өзенінің суы арнасынан асып, жарты метрге дейін қайта көтерілген. Сондықтан, Қарасу ауданының орталығына, сол маңдағы елді мекендерге қауіп төнді.

Кеше ауданға облыс әкімінің орынба­сары Ғауез Нұрмұхамбетов барып, жағдай­дың барлығын көзімен көрді. Әсіресе, су­дың деңгейі 1,5 метрге дейін көтерілген Кошевое, Қарамырза ауылдарында ауыр жағдай орын алды. Бұл ауылдарда су кірген қорада тұрған ұсақ мал, бұзау, шошқа шығын болды. Зеленов ауылында 10 үйдің өзі және 5 үйдің ауласы суда қалған. Олардан 53 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қарамырза ауылында да 7 үй суда тұр, 7 үйдің қора-қопсысы кішігірім көлшікке айналды. Он адам басқа жерге көшірілді.

Әулиекөл ауданындағы Көктал ауылын­­да 15 үйге су кірген, 15 үйдің аула­­сын су бас­қан. 42 адам туыс­тары­ның үйін­е көшірілді, 55 ірі қара, 81 ұсақ мал құр­­­ғақ­қа шығарылды. Екі ауданда да Тө­тен­­­ше жағдайлар департаментінен құт­қару­­шылар, қажетті техникалар жұмыс іс­теу­де, сонымен қатар, аудандық атқару ор­ган­дарынан да адамдар мен техника жеткілікті бөлінген. Төтенше жағдайға байланысты қарғын судың зардабынан болған шығынды есептеу комиссиясы құрылып, жұмыс істей бастады.

– Судың беті енді қайтты. Қазір су бас­қан елді мекендердің барлық шығынын есеп­т­еу мүмкін емес. Әзірше суда қалып, өл­ген малдың шығыны ғана өтеледі. Сол үшін құр­амында ветеринар, басқа да маман­­дар бар комиссия іске кірісті. Ал суда қал­ған тұрғындардың басқа шығыны сәл кейі­нірек, судан тазартылып, кептіру жұ­мыс­тары секілді зардаптарды жою жұ­мыс­тары аяқталған соң анықталады, – деді Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Балжақаев.

Облыс басшылығының шешімімен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетілетін болды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар