Мемлекет басшысы тілді айтты, ділді айтты, дінді айтты. Қысқасы, тәуелсіз елге керекті дүниенің бәрін түгендеп, елдің ертеңгі өміріне нақты жоспар жасады. Ұлттық сананың қалыптасып, одан әрі дамуын жік-жікке бөліп, жұрттың жүрегіне жылы тиетін жолдарды көрсетіп берді.
Соның ішінде, мақаладағы «Туған жер» бағдарламасы бір күннің емес, бірнеше жылға созылған кемеңгер ойдың, сұңғыла сананың жемісі екені ақиқат. Өлкетану мен абаттандыру жұмыстарын және тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру шараларын қазірден бастап қолға алмасақ, «әттеген-айлап» қалуымыз да мүмкін. Сол себепті, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастап жабыла орындауға тиіспіз. Бұл – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге бірден-бір кепіл.
«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суық-
та пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деді Елбасы. Мақалада айтылған осы жолдардан-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жерге деген ыстық ықыласын, зор махаббатын аңғаруға болады емес пе?!
Ендеше, елін сүйген Елбасымыз барда біздің де аянып қалғанымыз жарамас. Қолдаймыз. Қуаттаймыз.
Қазақбай ҚАСЫМОВ, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы