• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2017

Ұлттық сананы ұштауға бағыттайды

300 рет
көрсетілді

​Қазіргі байқалып отырған әлемдік рухани тоқыраулар кез­е­ңінде жаңа дүниетанымдық бағыт қажеттігі басты мәселеге ай­налды. Осыған байланысты ұлттық сана­ны жетілдіру байыпталған Ел­ба­сының «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» бағдарламалық ма­қаласы биылғы Жолдауындағы тұ­жырымдармен сабақтас. Ел­ді­гі­міздің рухани дамуына серпін бе­ретін негіздерді ұлт­тық сананы ұштауға ба­ғыт­тайды.

Ұлттық идеоло­гия бізге ауадай қа­жет. Өз тілімізді, төл мә­­де­ни­етіміз бен са­лт дәс­­түр­лерімізді құр­мет­теп, са­қ­тап қана қой­­май, жас ұр­­паққа, бү­кіл әлемге насихаттау бізге, ғылым-білім саласы қыз­­­меткерлеріне жүктелетін зор жауапкершілік. Сананы ру­х­а­­­ни жаңғыртуға бәсекеге қа­бі­л­­етті білімді елдің ғана шамасы жетеді. Аталған мақаладан жа­ңаша бастау алатын «Туған жер», «Мәдени географиялық белдеу» жобалары ғылыми-ағарту зерттеулеріне кең тыныс береді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың өзінің туған жерінің өсіп өркендеуі үшін нақты үлес қосуына үндейді. 

Осы орайда, ұлт­тық сананы жа­ңа­­ша жаңғыртуда қа­зақ­стан­дық әйелдердің белсене ат­салысарына сенемін. Ел­ін, жерін сүйетін ба­тыр ұлдарымыз бен ина­батты қыз­да­ры­мыз­ды бүкіл әлемге қазақ хал­қының тұлғасын дә­­ріптейтіндей тәрбиелеу мә­се­лесінің дәп осы тұста өзектілігін айтпасақ болмас.

Руханиятымыздың өрісін ке­ңі­тетін құндылықты пайымдау­ларды негізге ала отырып, ортақ ісімізге жаңа серпін алдық. Оны қапысыз жүзеге асыру мін­дет деп білемін. Осы орайда, дәстүріміздің ең бір асыл үлгісі – Әжелер институтын жаңғырту екені сөзсіз.

Шырын ҚҰРМАНБАЕВА, 

Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің ректоры, Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, саяси ғылымдар докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар