• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2017

Академик Кеңес Нұрпейісұлының залы ашылды

420 рет
көрсетілді

Халық тарихына сергектікпен қарап, оның кірпияз екенін, бір әрпінен, бір жолынан қате жіберсең талайды адастырасың, деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақты кім жем қылмай отыр? Қазақтың ақысы қазақпен араласқан жұрттың бәріне де ауысып жатыр», деген сөзіне ұйып, әсіресе Алаш арыстарына арқа сүйеген, алаштану ғылымының негізін салған академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Нұрпейісұлына арналған ғылыми зал елордадағы Ұлттық кітапханада ашылды.

Осы игілікті істің алдында Алаш партиясы мен Алашорда үкі­метінің 100 жылдығына ар­нал­ған «Кеңес Нұрпейісұлының Алаш тарихына қосқан үлесі» ат­ты ғылыми-практикалық конфе­ренция бо­лып, алғашқы сөзді Мемлекет та­рихы институтының директоры, про­фессор Бүркітбай Аяған алып, ға­лымның ұлт тарихына қосқан үлесін тарата айтып, өзі бастаған шәкірттерін де еске салды. Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Б­олашаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» атты мақаласындағы ха­лық­тық идеяларға тоқталды. 

Академик Болат Көмеков бұл шара қазақ ғылымына, оның ішінде тарихшыларға көрсетілген құрмет екенін, алаштану ғылымының не­гізін салған ғалымның екінші өмірі бас­талғанын, ол елдің рәмізі – ер­кін­дік деп білгенін, қай еңбегінде де дерексіз сөйлемейтінін тілге

ти­ек етіп, жарты ғасыр бірге қызмет ет­кенін, рухының тазалығы сонша, бар қазақты өзіне санағанын, мен өмірден озғанда арулап аққа орай­тындар Болат пен Карл (Байпақов) болсын деп кеткенін толқи тұрып еске түсірді. Ол сонымен қатар, Қазақстан тарихының 5 томдығын шығару тұсында 4-томына жете­к-

­шілік жасағанын, алаштануды ай­налымға қосқанын, Елбасының соңғы мақаласындағы 100 тұлғаның қатарынан орын алатын азамат екенін жеткізді.

Қоғам қайраткерлері, профес­сорлар Әділ Ахметов адами қа­си­е­ттерін, кішілігі мен кісілігін үл­гі етсе, Камал Бұрханов бірінші алаштанушы деп, классикалық академиктің үлгісі, тіпті эталоны Кеңес Нұрпейісұлы деген байла­мын ортаға салып, қазір ака­де­миктердің көбейіп кеткенін де атады. Шынын­да, ғылымға кім­нің қандай үлес қос­қанын уақыт анық­тар, әйтсе де ел біл­мейтін ака­демияның академиктері мен шикі «членкорлары» қаптап кет­кені рас. Академик Ғарифолла Есім Елбасының мақаласы туралы жан-жақты ой тербей келіп, ұлтымызға ұйысатын, бірігетін кез­дің келгенін, рухани залы ашылып отырған шын зиялының мықты қа­зақ болғанын, ол зерттеген Алаш та­рихын жан-жақты білу бәрімізге сын болып тұрғанын атаса, жазушы Шәрбану Бейсенова нағыз санасы ояу, өресі биік ғалымның ба­сылымдарға мақала жазудағы сау­аттылығы мен өнегесінен дә-

й­ек­­­тер келтірді. Профессорлар Қа­зы­­бекби Бүйтекұлы құнарлы жер­­ден шыққан азаматтың тек тамырына тоқталса, Қадыр Ахметов қазақ тілін тарих ғылымында ғылым тіліне айналдырған бірден-бір тұлға Кеңес Нұрпейісұлы деген байламын назарға салды.

Ал академиктің рухани мұ­ра­сын көзінің қарашығындай сақ­­тап, Ұлттық кітапханаға тап­­сы­рып отырған профессор Тал­ды­бек Нұрпейіс әкесінің бү­кіл өмір жолына барлау жасап, Алаш­ты зерттеуіне Бауыржан Мо­мышұлының ой салғанына дәлелдер келтірді. Қас батыр «Сен халық жауының баласы екенсің, бірақ оның ақиқаты Аллаға ғана аян, партия мен совет тарихын академик Ақай Нүсіпбеков екеуің жазып болған шығарсыңдар. Енді Алаш тарихына баруларың керек, ұлт ақиқаты сонда жатыр!» деп Әлихан, Ахмет, Міржақып туралы аз-кем мәлімет беріпті.

Ғылыми залдың ашылу рә­сі­мінен кейін де академиктің шә­­кірттері Ж.Қуанышев, З.Дү­кен­ба­ева, Қ.Еркінбекова, Қ.Еңсенов ұстаздарының қамқор­лы­ғынан, көрген шарапаттарынан мысалдар келтірсе, магистрант Е.Тоқтарбай ғалымның рухани дүниесінің Астанаға келуі жастар үшін тиімді екенін жеткізді. Әдемі істі Ұлттық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева қорытып, осындай жақсы іске жол ашқан Мәдениет және спорт министрлігіне, тілектес барлық азаматтарға шын ниеттен алғысын білдірді.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар