• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Хоккей 19 Сәуір, 2017

«Торпедо» тегеурін таныта ала ма?

113 рет
көрсетілді

Жоғары xоккей лигасындағы плей-офф кезеңінің финалына шыққан Өскеменнің «Торпедосы» өз айдынында Балашиxаның «Динамо» командасымен үш рет кездесіп, үшеуінде де есе жіберді.

Өткен бейсенбінің кешінде қос команда алғаш рет сынға түсті. Бұл ойында есеп небәрі 30 секундтың ішінде ашылды. Төре­шінің ысқырығы естілісімен алға ұмтылған ресейліктер Вла­димир Брюквиннің көмегімен есеп ашты.

Кездесудің келесі кезеңін айдын иелері ширақ бастаған, алайда тағы да бірінші болып гол жіберіп алды. 34-минутта Алексей Маклюков мергендігімен танылып, басымдықты арттыра түсті. Осыдан кейін «Торпедо» ойыншылары қорғаныста сақ ойнап, жүйелі ойын көрсетті. Нәтижесінде, кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда шығысқазақстандықтар сапынан Евгений Фадеев жалғыз голды салды.

Матчтың соңғы бөлігінде қауіпті сәттер ұйымдастырылғанмен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Қорытынды есеп – 1:2.

Келесі күні Өскеменде «Тор­педо» мен «Динамо» арасын­дағы екінші ойын өтті. Екі команда толассыз шабуылдағанмен, алғашқы гол тек 24-минутта соғылды. Дмитрий Сидляровтың соқ­қысынан кейін қонақтар алға шықты. Осы қарқындарынан таймаған «Динамо» арада 30 секунд өтер-өтпестен екінші шайбаны соғып үлгерді. Голдың авторы – Кирилл Пилипенко. Ал 35-минутта Дмитрий Марковин басымдықты арттыра түсті.

Ойынның соңғы бөлігінде өскемендіктер ес жиып, қарсы қақпаны жиі торуылдағанмен, бір ғана гол соға алды. Оны Джордон Сауторн өз еншісіне жазды. Бұл ретте қонақтар сапынан бір ойын­­шының кем болғанын айта кеткен жөн. Есеп – 1:3, тағы да «Динамоның» мерейі үстем болды.

17 сәуірде командалар Бала­шихада кездесті. Бұл жолы да өске­мендіктердің жолы болмады. Ойын қорытындысында «Тор­педо» 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, жалпы есеп 3:0-ге жетті. Кезде­сулер төрт жеңіске дейін ғана жалғасатынын ескерсек, өске­мендіктердің енді үміт үдесінен шығулары екіталай.

Қалай десек те, кеше кешке командалар Балашихада төртінші кездесулерін өткізді.

Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар