• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Сәуір, 2017

Шүменов-Дортикос жекпе-жегі Қазақстанда көрсетіледі

111 рет
көрсетілді

​«Kazsport» телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.

WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақ санатындағы уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жек кеші 30 сәуір күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласының "Palms Casino Resort" ойын-сауық орталығында өтеді. 

Аталған кездесуде WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы үшін бұл 20-шы кездесу болмақ. Ал, Юниер Дортикос өзінің кәсіби рингтегі 22-ші жекпе-жегін өткізеді. 

Трансляция Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар