Жұмағұлов Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Талғат Жұмағұлов Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын аяқтаған. Әр жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Израильдегі Қазақстан Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы болды.
Осыған дейін ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.