Жерлесіміз 29 сәуірде Рамон Альварес пен Омар Чавестің андеркартында айқасады.
Бокс кеші Мексиканың солтүстігінде орналасқан Чиуауа штатының Росарито қаласында өтеді. Әзірге жерлесіміздің кімге қарсы шығатыны белгісіз. Менеджерлер оған лайықты, әрі тәжірибелі қарсылас қарастыруда.
Айта кетейік, орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Рамон (24-5-2, 16 KO) мен Омар (35-3-1, 23 KO) – 6 мамырда Лас-Вегаста өзара кездесетін "Канело" мен Хулио Сезардың туған ағалары. 2014 жылы Рамон Альварес пен Омар Чавес бір-бірімен Мексикада кездескен. Ол кездегі айқас Альварестің жеңісімен аяқталған болатын.
WBC EPBC және WBA NABA чемпиондық белбеулерінің иегері Бекман Сойлыбаев жаттықтырушы Эрик Браунның қарамағында Лос-Анджелесте жаттығып жүр. Кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.