• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2017

ШҚО Бесқарағай ауылында төтенше жағдай жарияланды

324 рет
көрсетілді

​ШҚО Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Жер асты суларының деңгейі бірнеше күннен бiрқалыпта сақталып отырғандықтан жергілікті билік тұрғындардың қауіпсіздігi үшін осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

14 сәуір күні Бесқарағай ауылының шетіндегі 9 үй мен 10 ауланың аумағын жер асты сулары басып, 22 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері 4 күннің iшiнде жағдайдың еш өзгеріссіз калғанын айтады. Су басқан аумаққа 1500 тонна инертті материалдар жеткізілiп, бекіту, бөгеу жұмыстары жүргізілген. Аудандық әкімдікте жедел штаб құрылып, жағдай толық бақылауға алынған. Облыстағы тасқын қаупі бар аумақтар мен өзендер де қатаң қадағалауда дейді департамент мамандары.

Азамат Қасым, 

" Егемен Қазақстан "

Шығыс Қазақстан облысы

Суреттер облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен алынды

Соңғы жаңалықтар