• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2017

Үкімет "Кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру туралы" заң жобасын мақұлдады

302 рет
көрсетілді

Үкімет "Кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру туралы" заң жобасын мақұлдады.

«Ұсынылып отырған заң жобасының мақсаты – заңнамалық актілерді ҚР Конституциясындағы түзетулерге сәйкес келтіру. Жоба ҚР Президентінің жарлығын орындау мақсатында әзірленді. Заңды Конституцияға сәйкестендіру үшін 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізу қажет. Қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза көзделеді», - деді Үкімет отырысында аталған заң жобасын таныстырған Әділет министрі Марат Бекетаев. 

Оның айтуынша, заң жобасында террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысқаны үшін азаматтықтан айыру жазасы қарастырылған. "Қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза көзделеді. Осылайша, Қылмыстық кодекстің 10 бабында көзделген 14 аса ауыр террористік қылмыс құрамдары бойынша азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза ретінде ұсынылып отыр", деді министр. Сонымен қатар Марат Бекетаев мемлекеттің құрылымына қауіп төндірген азаматтарға жаза күшейетінін айтты.

«Ұлттық Қауіпсіздік туралы» заңына сәйкес негізгі ұлттық мүдделерге Конституциялық құрылыстың тұтастығы жатады. Бұл ұғымға елдің тәуелсіздігі, біртұтастығы және президенттік басқару нысаны кіреді. ҚР-ның негізгі ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізетін қылмыстарға 11 бапта көзделген 16 қылмыс құрамы кіреді. Мысалы, геноцид, сеператистік әрекет, экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу», - деді министр.

Сонымен қатар заң жобасына Президент Әкімшілігінің прокуратура жүйесі мен сот қызметіне қатысты түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар да кірген.